Өскеменде судан зардап шеккендерге шағын үйлер салынады
Өскеменде су тасқынынан зардап шеккендер үшін шағын модульді үйлер салынатын болды.
Баспанаға қажетті бөлшектер қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің цехтарында дайындалған. Әр үйдің жалпы аумағы 45 шаршы метрге дейін жетеді. Шағын бірнеше бөлмелі үйлер тасқынға қарсы күресіп жатқандарға да берілуі мүмкін. Бұдан өзге аймаққа су жүргізуге қажетті құбырларды да жеткізу жоспарда бар. Ал модульді баспана бағасы аса қымбат емес.
Алмат Аспандияров, кәсіпкер:
- Мұндай үйлер тез құралады. Сондықтан зардап шеккендер, жұмысшыларға өте ыңғайлы. Екі тіпті үш бөлмелісі де бар. Екі қабатты қылып та салуға болады.