Жетісулықтар Құлсарыға он киіз үй жіберді
Жетісулық азаматтар Атырау облысындағы Құлсары қаласына 10 киіз үй жіберді.
Темірден жасалған баспана екі-үш күнде апат аймағына жеткізіледі. Игі іске қайырымды жандар ұйытқы болды. Олар қор ашып, жиналған қаражатты киіз үй жасайтын Жарқын Қайса есімді кәсіпкерге аударған. Мұқыры ауылының тұрғыны оған керек-жарақтарды сатып алып, тегін дәнекерлеп, жабындысын да ақысыз тігіп берді. Әрі өз атынан бір данасын тарту етті. Айта кетейік, ол осыған дейін тез құрастырылып су мен жел өткізбейтін киіз үйдің 34-ін Түркияға зілзаладан жапа шеккендерге жөнелткен болатын.
Жарқын Қайса, кәсіпкер:
- Бір жағымыз халық сонша қиналып жатса, біз бұл жерде тыныш жата алмаймыз ғой. Қолымыздан келгенше көмектесейік деп жатырмыз. Жаңағы бір тамшы болса да үлесімізді қосайын деген ойымыз бар енді ел қиналып жатқаннан кейін.