«Бұқаралық ақпарат» ұғымы «масс-медиа» болып өзгертіледі
Әкімшілік кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізіледі.
Құжат бүгін Мәжілісте екінші оқылымда қабылданып, Сенатқа жолданды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу» туралы бап алынып тасталды. Өйткені «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңның күші жойылды. Оның орнына "Масс-медиа туралы Заң жобасы" қабылданды.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Осы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленген болатын. Оның негізгі мақсаты - Әкімшілік құқықы бұзушылық туралы кодекстің баптарын жаңадан қабылданған Масс-медиа туралы Заң жобасының баптарымен үйлестіру. Мәселен, Заң тілінде "бұқаралық ақпарат" ұғымын "масс-медиа" деп ауыстыру, өзгерту. Сондай-ақ 451-452-баптарды бір бапқа біріктіру.