Шығыс Қазақстанда 8 өндірістік кәсіпорынға автоматты жүйе орнатылды
Енді ол зауыттардың мұржасынан шыққан түтін құрамы туралы дерек бірден Экология министрлігіне түседі.
Ал бұл жедел түрде тиісті іс-шара қолдануға мүмкіндік береді. Осындай қондырғымен жабдықтау үшін жеке инвестиция есебінен 8 миллиард теңге жұмсалды. Алдағы уақытта тағы үш кәсіпорын жүйемен жабдықталады. Жалпы бұл жобаның әсіресе өскемендіктер үшін маңызы ерекше. Өйткені шаһарда металлургиялық кешеннің бір өзі жыл сайын ауаға 24 мың тонна зиянды қалдық бөледі.
Мамай Бұтабаев, ШҚО Экология департаменті басшысының м.а:
- Мына сегіз мекеме,қондырылғылар қондырылған.Олардың барлық жұмыстары жүргізілген, автоматтандырылған системаға оның бәрі кіргізілген.Қазір тестовый режімде данныйлар беріліп жатыр,осының бәрі біткен соң июльдің біріне дейін жұмысқа кіріседі деген ойдамыз.