Ақжайық ауылында бөгет тұрғызу жұмыстары аяқталып келеді

Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты Ақжайық ауылында бөгет тұрғызу жұмыстары аяқталып келеді.

Күні бүгін ауылды айналдыра 4,5 шақырым дамбы соғылды. Бөгеттің өзен жақ беті, құм толтырылған қапшықпен бекітілуде. Бөгет соғу жұмысына 15 техника мен 70-тей адам қатысуда. Сондай-ақ, сенбі-жексенбі күндері Атырау қаласынан апта сайын 100-ге жуық ерікті келіп көмектеседі. Ақжайық ауылын 1994 жылы да, өзен суы қоршап, қарғын су «Атырау-Орал» автожолына шығып кеткен болатын.

Ақтұрлан Ертұрлыұлы, Ақжайық ауылдық округінің әкімі:

- Біздер 94-тің суын шамамен белгілеп алып, соны межелеп сонан 1,5 метрге биіктетіп дамбы соғып жатырмыз Жалпы, дамбының биіктігі 4 метрге дейін биіктетуді есептеп жатырмыз. Трасса бойын тағы да көтеруге тура келеді Өйткені, жол бөгеттен төмендеу. Ол енді 2 шақырымдай болады. Оны құм салып қапшықпен бекітеміз деп отырмыз.