ШҚО-да 7 бөгет салынып жатыр
Шығыс Қазақстанда қарғын суға қарсы жұмыстар күшейді, деп хабарлайды 24KZ.
Атқарушы орган өкілдері мен құтқарушылар әуеден барлау жасап, жағдайды бақылап жүр. Шалғай ауыл-аймақта да қарбалас. Мәселен, Күршім ауданында ең қауіпті деген 7 учаскеде бөгет салынып жатыр. Бұл жалпы 9 мыңнан аса халық тұратын 7 ауылды қызыл судан қорғайды. Жергілікті мамандардың айтуынша, мұнда тау арасындағы қар енді ғана ери бастаған. Сондықтан Қалғұтты мен Күршім өзендері ернеуінен асуы әбден ықтимал. Оның үстіне маусым айына дейін су тасу қатері жоғары. Қазір бөгеттерді салуға 40 адам, 34 техника жұмылдырылды. Жұмыс барысын қоғам белсенділері де қадағалап жатыр.
Данияр Қалиев, «АMANAT» партиясы Күршім аудандық филиалының төрағасы:
- Бірлік ауылының маңындағы 7 дамбаның біреуінің ұзындығы – 760 метр, биіктігі шамамен 3,5-4 метр. Қалған дамбалар да осы секілді 500-800 метрге дейін барады. Барлық су тасқынының алдын алу жұмыстары толықтай бір апта көлемінде аяқталатын болады.