Қорғаныс министрі әскерилерге алғыс айтты
Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тасқынға қарсы күреске атсалысқан әскери қызметшілерге үндеу жолдап, сарбаздардың ата-аналарына алғысын жеткізді.
Телекөпір арқылы орнатылған байланысқа Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары қосылды. Өйткені бұл өңірлердегі инфрақұрылым нысандарын қорғауға сарбаздар, сержанттар мен офицерлер көптеп тартылған болатын.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Су тасқынына қарсы күресте армия халыққа көмекке келді. Әскери қызметшілердің су басқан елді мекендердегі табанды еңбегін ерлік деуге болады. Құрметті қаруластар бірлік пен татулық бар жерде барлық қиындықты жеңеміз. Табиғи апатқа қарсы күресте бірлесе еңбек еттік. Халқымыздың күші бірлікте! Баршаңызға амандық тілеймін! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!