Абай облысында тасқыннан зардап шеккен 21 адам материалдық көмек алды
Абай облысында су тасқынынан зардап шеккен 21 адам материалдық көмек алды.
Олар Бесқарағай, Жарма және Аягөз ауданының тұрғындары. Сонымен қатар төрт-түлік малы жоғалғандардан өтініш қабылдау жалғасып жатыр. Табиғи апат кезінде тұрғындардан 99 бас малдың жоғалғаны туралы өтінім келіп түскен. Әзірге оның 17-сі расталды.
Дмитрий Гариков, облыс әкімінің орынбасары:
- Қаражат «Ақ Ертіс» қорынан бөлінді. Материалдық өтемақы төтенше жағдай кезінде залалды өтеу ережелеріне сәйкес жүргізілді. Қандай залал келгені бағаланды. Содан кейін үйлерге техникалық тексеру жүргізіліп, оларды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленді. Үй иелеріне жалпы 29,3 миллион теңге берілді.