Су тасқыны болған аймақтарда егіс науқаны кеш басталуы мүмкін
Тасқын судан зардап шеккен аймақтарда егіс науқаны уақытында басталмауы мүмкін.
Сенатор Арман Өтеғұлов бүгінгі жағдай жедел әрекетті қажет ететінін атап өтті. Себебі елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әр күн маңызды. Арман Өтеғұлов өзінің депутаттық сауалында мал шаруашылығының шығыны мен қауіпті инфекциялардың пайда болуына, сондай-ақ су тапшылығының алдын алуға қатысты мәселелерге де тоқталды.
Арман Өтеғұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ал бау-бақша, көкөніс өсірушілердің, саяжай серіктестіктерінің жағдайы өте нашар. Олардың техникалары, суару жүйелері мен трансформаторлары зақымдалды, жылыжайлар бұзылды, алқаптары су астында қалғанын көріп отырмыз. Жедел деректер бойынша Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 200 тоннаға жуық тұқым қоймаларын су басқан.