Абай облысында жедел жәрдем көліктері тозған
Абай облысында жедел медициналық жәрдем көліктерінің 70 пайызы тозған.
Қазір денсаулық сақтау басқармасы автопаркті лизинг арқылы жаңартуды жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін 93 жаңа көлік алынады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 65 дәрігерлік амбулатория ашылады. Ауыл-аймақтарда фельдшерлік және медициналық пункт салу көзделген. Бұл мақсатқа бюджеттен 10 миллиард теңге жұмсалады.
Талғат Молдабеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Жаңадан алынатын көліктер облысымыздағы барлық аудандарға тең бөлінеді. Семей қаласында орналасқан Облыстық жедел жәрдем станциясына да жаңа техника беріледі. Соңғы рет жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркі 2020 жылы коронавирус кезінде жаңартылған еді. Ол кезде барлығы 31 автокөлік сатып алынды.