«Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары» бірлестігі Ақтөбеге көмек жіберді
Табиғи апаттың салдарымен күреске еліміздің еңбек ерлері мен халық қаһармандары да өз үлестерін қосып жатыр.
«Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысына 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Су басқан аумақтағы тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен өзге де қажетті тұрмыстық заттар жөнелтілді.
Бақытжан Ертаев, "Tayelsiz Qazaqstannyn halyq batyrlary" қоғамдық бірлестігінің кеңес төрағасы:
- Фонарик, микроволновка, памперс, жастық, одеяло деді. Алдын ала сөйлесіп алдық. Барған соң ол керек пе, керек емес пе. Әр айтқанын біз орындадық.