Көкшетауда журналистер аллеясы ашылды
Қаланың қақ ортасында орналасқан саябақ қолына қалам ұстаған тілшілер қауымының басын қосатын, бұқаралық-мəдени шаралар өткізетін алаңға айналмақ.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шарада 40-қа жуық көшет егіліп, жергілікті журналистерге құрмет көрсетілді.
Бақыт Смағұл, Қазақстан журналистер одағы ОФ директоры:
- Енді осы бір аллея ертеңгі күні үлкен бір саябаққа айналама деген ой бар. Өйткені, бұл журналисттердің еңбегі. Олар осы араға келіп, өздерінің сырларын ақтарып, мұңдарын шағып, ой толғап осы бір көгілдір Көкшетаудың аясында қаланың қақ ортасында орналасуының өзі ғажайып нәрсе деп ойлаймын. Сондықтан оны бәрін суарып, алдағы уақытта еңселі байтерекке айналуына атсалысамыз деп ойлаймын.
Аслан Әбутәліпов, «24 KZ» телеарнасының меншікті тілшісі
- Әсіресе, бізді қуантарлық жағдай «Хабар» агенттігінің екі телеарнасы ағаштарының осы жерде орын алуы. Ол әрине бізді қатты қуантады. Бәріміз осы қаланың тұрғынымыз осы жерде жүреміз, сьемкаға бара жатқанда өтеміз, кешке серуендеп жүргенде осыны көргенде қуанатын боламыз. Жай егіп қана қоймай, алдағы уақытта оны суарып, күтіп, айналасын тазартып отырамыз деп ойлаймын.