Ақтөбенің қоқыс полигонынан өрт шықты
Будақтаған түтін желдің екпінімен жан-жаққа тарап жатыр.
Бұл қалдық төгуге арналған қаланың жаңа полигоны. Былтыр іске қосылып, шаһардан шығарылған қоқысты қабылдап келеді. Ал өрт кеше түстен кейін тұтанып, бүгінге дейін 300 шаршы метр аумаққа жайылған. Қазір мұнда төтенше жағдайлар қызметі мен мердігер мекемелердің арнайы техникалары жұмыс атқарып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша қураған ағаш жанған.
Болат Серіков, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Қазір енді бықсып жанып жатыр. Техникалармен біздер ішке грунт кіргізіп, соның бәрінің үстін жайып жабу жұмыстары жүргізілуде.