Оралға 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Оралға Алматыдағы жоғары оқу орнының бірінен гуманитарлық жәрдем келіп жетті.
20 тоннадай азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық бұйымдар эвакуациялық пункте орналасқан 600 тұрғынға бөлініп берілді. Бұдан бөлек жоғары оқу орны ата-анасының үйін су алған батысқазақстандық 50 студентке 100 мың теңгеден шәкіртақы тағайындап, тегін оқу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Сәбит Суатай ЖОО ректорының орынбасары /Алматы:
- Осындай табиғи апат кезінде ел болып, жұрт болып, барлығымыз бірауыздан көмек жасауымыз азаматтық борышымыз деп есептеймін. Сол себепті ұжым болып бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысына 20 тонна зат алып келдік. Оның ішінде азық-түлік тағамдары, гигиеналық заттар, төсек-орын жабдықтары, құрылысқа керекті құрал-саймандар.