Ислам даму банкі су шаруашылығы жобаларына қаржы бөледі

Ислам даму банкі елімізде су шаруашылығы жобаларын іске асыруға гранттар мен қаржы бөледі.

Алғашқы түсімдер, биылдан бастап жүзеге асырылады. Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың, Сауд Арабиясына жұмыс сапары барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. Онда осы күндері Ислам даму банкінің жыл сайынғы отырысы өтіп жатыр. Үкімет басшысының орынбасары шара аясында Ислам даму банкі тобының президенті Мұхаммед Әл-Джассермен,, инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясының бас атқарушы директоры Усама Каиссимен кездесулер өткізді. Бүгінде ел Үкіметінің басым міндеті - су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қаржы тарту. Су қоймаларын, гидротехникалық нысандар мен ирригациялық жүйелерді салу, қайта жаңғырту. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын цифрландыру бойынша бірқатар шұғыл шараны іске асыру көзделіп отыр.