Жылыой ауданында су тасқынының шығыны есептеліп жатыр
Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен үйлердің құжаттарын қабылдау жүріп жатыр.
Техникалық бағалаушы компаниялар кеткен шығындарды есептейді. Ал құжаттары жоқ нысандарды, иелерінің төлқұжаты арқылы тіркейді. Бұл туралы аудан әкімі Жұмабек Қаражанов мәлімдеді. Елді мекенде су тасқынынан онға жуық ықшамаудан, 200 кәсіпкерлік және 15 әлеуметтік және әкімшілік нысан бүлінді. 400-ге жуық мал жоғалды.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
- Техникалық зерделеу және бағалау компанияларымен біз облыс әкімдігі тарапынан келісімшартқа отырғызылды. Қазір сол компаниялармен осы кеткен шығындар есептеліп жатыр. Кәсіпкерлік нысандардың барлығы да оның жүргізілу тәртібі бөлек, сондықтан олар тараптан да өтінімдер қабылданды. Енді келген залалдарды анықтап, шығындарды есептеп шығаратын болады.