Өскеменде иесіз қалған үйлер қалыпқа келтіріледі
Шығыс Қазақстан облысында 400-ге жуық ғимарат қаңырап бос тұр.
Өскемен қаласының өзінде 20-дан астам нысан адам өміріне қауіпті екені анықталды. Құрылыс басқармасы бұрынғы кәсіпорын, балабақша, мәдени ошақтар мен көпқабатты үйлерді тексеріп иелерін іздестіріп жатыр. Оларды мемлекет меншігіне сатып алып, қалпына келтіру жоспарланған. Себебі өңірде баспанаға мұқтаж жандар саны, жылдан-жылға артып келеді. Облыс орталығы бойынша тізімде 14 700 мың адам бар.
Дидар Кеңесбаев, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
- Бұл ғимараттарға ең алдымен техникалық сараптама жасалады. Егер оң қорытынды шықса, қалпына келтіру туралы ұсыныс жасаймыз. Сонымен қатар олардың нысаналы мақсаты қарастырылады.