Жылу жүйелерін жаңартуға 16 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Кентау, Риддер және Қызылордадағы жылу көздерін жаңғырту жұмыстарына, Үкімет резервінен 16 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Атап айтқанда Кентаудағы бесінші Жылу электр орталығындағы қазандықтарды реконструкциялауға 9 миллиард, Риддердегі нысанның жабдықтарын күрделі жөндеуге 4,9 миллиард, ал Қызылордадағы орталықтың бу қазандықтарын жаңартуға 2 миллиард теңгеден астам ақша бағытталды. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Бүгінде алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 17 қаладағы энергоблоктарды, қазандықтар мен турбиналарды жөндеу жұмыстары көзделіп отыр. Ал қазір инвестициялық келісімдер аясында, Екібастұздағы ГРЭС-1 энергоблогын қалпына келтіру және Атыраудағы жылу орталығының турбо-агрегаттарын ауыстыру шаралары жүргізіліп жатыр.
₸ 9 млрд
Кентау ЖЭО-5
№ 7, 8, 9, 10, 11, 12 қазандығын жаңғырту
₸ 4,9 млрд
Риддер ЖЭО
Технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымды күрделі жөндеу
₸ 2 млрд
Қызылорда ЖЭО
Оңтүстік қазандықтың үш бу қазандығын реконструкциялау