Жоғарғы сотта алғаш рет іс сотталушының қатысуымен кассациялық тәртіпте қаралды

Жоғарғы сотта алғаш рет іс сотталушының қатысуымен кассациялық тәртіпте қаралды.

10 жыл бұрын өмір бойына бас бостандығынан айырылған азамат жазаның тым ауырлығын айтып, жеңілдетуін сұраған. Ол тонау және бандитизммен байланысты кісі өлтіру, дене жарақатын салу бойынша қамалған. Алайда Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев сотталушының бұрын бірнеше мәрте қылмыс жасағанын ескеріп, уәжін қанағаттандырмай, шешімді өз күшінде қалдырды.

Нұрғазы Әбдіханов, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

- Өмір бойы бас бостандығынан айырылған өзінің өтініші түскен соң бірінші рет осындай онлайн режимде қатыстырып отырмыз. Бұл енді мына қылмыстық іс жүргізу кодексіне қайшы келмейді. Керісінше жариялықты білдіреді. Сонымен қатар мына сотталушының құқығын қорғауға жақсы әсерін тигізеді. Онлайн режимдегі сот процесі жоғары сотта да жалғаса береді деген сенімдемін.