Қайрат Сатыбалдыұлының қайын атасына іздеу жарияланған
Қайрат Сатыбалдыұлының қайын атасы Бақтияр Байсейітов халықаралық іздеуде жүр.
Ол Қаратау уран кенішін жаңғыртуға бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке іліккен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, бұған дейін "Қаратау" компаниясының бұрынғы басшылығына, "Iri Building" мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеу аяқталған. Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасына бөлінген 862 миллион теңгені қолды қылған.