«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны басталды

Қазақ телевизиясындағы тұңғыш «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны басталды.

Бірлік күні қарсаңында ұйымдастырылған жобада қарғын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар сөйлемек. Олардың жан тебірентер оқиғалары мен әр аймақтағы соңғы ахуал 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде көрсетіліп жатыр. Телемарафонда ресми орган өкілдері, өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары мен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде де есеп береді. Қазақстанның 8 өңірінен тікелей қосылым ұйымдастырылған. Көрермендер жобаны онлайн тамашалай алады.