Президент кәсіпкерлер құқығын қорғауды тапсырды
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады. Кездесуде әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды жою мәселесі қаралды. Сондай-ақ Президент отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.