Мал иелеріне ₸144 млн өтемақы төленді

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан малынан айырылған шаруаларға өтемақы төленіп жатыр.

Өңірде 3 мыңнан астам үй жануары өлген. Бүгінде соның мыңға жуығының иелеріне 144 млн теңге берілді. Арнайы комиссия шығынды есептеу және өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Негізгі алгоритм бойынша, малдың өлексесі, сырғасы болуы керек. Әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталуы тиіс.