Отандық білім беру саласында 13 мыңға жуық маман тапшы

Оның ішінде мектептерге 4 мыңдай кадр қажет. Бұл туралы елордада өткен, өндірістік іс-тәжірибенің қорытынды жиынында айтылды.

Конференция шеңберінде Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенттерімен кездесті. Алматыдан Астанаға келіп, жергілікті мектептерде 2 ай бойы тағылымдамадан өткен болашақ ұстаздар, министрге көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Өз кезегінде Саясат Нұрбек жастарға сәттілік тілеп, бас шаһарда қалудың артықшылықтарына тоқталды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Қолымыздан келгенше көмектесеміз. Әкім, қала басшылығы, білім басқармасы ұстаздардың тапшылығына өте көп мән береді. Ол бізге де, қалаға да керек. Қазір Президенттің деңгейіне дейін шығып кетті. Ол өзінің тапсырмасын берді. Тапшылық өте жоғары. Сондықтан, сәттілік. Таңдаған жолдан таймаңыздар. Бізге ұстаздар керек!