Моноқалаларды дамыту. Графика

Елдегі 20 моноқала өнеркәсіп саласының дамуына оң әсер етіп отыр.

Бұл әкімшілік аумақтарда бір миллионнан астам адам тұрады. Үкімет моноқалалардың экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін одан әрі арттыруға күш салып жатыр. Кешенді шаралар аясында биылдың өзінде инфрақұрылымды дамытуға 63 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалады. Сонымен қатар жалпы құны 100 млрд теңге болатын 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның негізінде жаңадан мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. 2020-2022 жылдары жүргізілген геологиялық зерттеу нәтижесінде моноқалалар маңынан болжамды құны 1 трлн теңгеден асатын ресурстар табылды. Бұл қосымша инвестиция тартуға кең жол ашады.