1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан халқының бірлігі күні!
100-ден аса этносқа мекен болған мемлекетімізде татулық тұрақты, ыңтымақ берік. Тәуелсіздік жылдарынан бері халқымыз бір үйдің баласындай ауызбіршілікте күн кешіп келеді. Елде кез келген ұлт өкілдерінің діні мен діліне құрмет көрсетіліп, олардың еркіндігіне кепілдік берілген. Бұл мейрам сол бірліктің айшықты көрінісі іспеттес. Жыл сайын түрі әрі тілі бөлек этнос өкілдері мерекені бірге тойлап келеді.