Қайрат Сатыбалдының әйелін тергеу аяқталды

Қайрат Сатыбалдының әйелін тергеу аяқталды
Азаттық рухы

Антикор Г. Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік Г. Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзінше билік ету күдігі бойынша тергеуді аяқтады.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады.

Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.