Тасқыннан соң. Көмек беру толастар емес
Алматы облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен волонтерлер Солтүстік Қазақстан облысына 25 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.
Петропавл қаласына бағыт алған жүктің ішінде құрылыс материалдары, арбалар және 15 миллион теңге тұратын көбік оқшаулағышпен қатар азық-түлік бар.
Алматы облысы осы уақытқа дейін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. 171 арнайы техника жүргізушісімен Батыс Қазақстан облысында жұмыс істеп қайтты. Бұл игілікті іске 500-ден астам ерікті жұмылдырылды.
Қарахон Солихов, "Сафар" Тәжік қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Шифер, тақтайлар, пеноплекс бар құрылыс заттары. Азық-түлік бар; ұн, күріш, қант, май, күнбағыс майы. Бізде мынау алтыншы фура болып жатыр. Екі вагон жібердік. Құдай қаласа, көмек тағы болады.