700 сарбаз жаяу әскер қатарын толықтырды
Маңғыстаудағы теңіз жаяу әскерлерінің құрамына 700 сарбаз қабылданды.
Олар Отан алдындағы борышын №25/744 әскери бөлімінде өтейді. Жас сарбаздар казармаға орналасып, бригаданың негізгі нысандарымен танысты. Енді олар бір ай бойы «Жас жауынгер» курсын оқиды. Дәріс кезінде сержанттар мен офицерлер әскери қызметтің қыр-сырын үйретеді. Бұдан соң сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдап, арнайы мақсаттағы үш батальонға іріктіледі.
Жалпы теңіз жаяу әскері елімізде Ақтауда ғана бар. Каспий теңізі жағалауын қорғау осы бригадаға жүктелген.
Бейбарыс Елешев, гвардия жауынгері:
- Атырау қаласының қарулы күштер департаментінен шақырту келді. Мен мүлдем ойланбастан департаментке барып, өзімнің әскерге деген қызығушылығымды танытып, әскери қызмет етуге деген ниетімді білдірдім. Маған әскери өмір алғашқы күннен бастап ұнады. Ізбасар бауыр, ағаларымды әскери борышын өтеуге шақырамын.