Су тасыған бес аймақта баспана құрылысы басталды

Елде тасқыннан зақымданған 3 мыңға жуық үйге техникалық тексеріс жүргізілді.

Оның 1500-ден астамы тұруға жарамсыз. Ал қалғаны жөндеуге келеді. Қазір мемлекет тарапынан баспаналарды қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр. Өңір әкімдіктері 8 мыңнан астам жер телімін дайындаған. 5 аймақта құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал Қостанай облысында 31 пәтер сатып алынып, зардап шеккен отбасыларға берілді.

Меруерт Ыбыраева, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі:

- Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастаған. БҚО-да 12 мердігер компания Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында 203 үй салуды бастады. Қарағанды облысында бір үйдің құрылысы басталды, Павлодар облысында 5 үйдің құрылысы басталды және СҚО-да 10 мердігер компания 100 үйдің құрылысын бастады.