Заң қабылданды. Есірткі өндіргендер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін

Заң қабылданды. Есірткі өндіргендер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін

Жасырын зертхана ашып, есірткі өндіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін мәжіліс тиісті заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат психотроптық заттардың заңсыз өндірісін есірткі қылмысының аса қауіпті түрімен теңестіреді. Соңғы жылдары елде қылмыстың бұл түрі белең алған. Бір ғана мысал, 2019 жылы 3 есірткі зертханасы табылса, былтыр 81 жасырын лаборатория анықталды. Осыдан 5 жыл бұрын заңсыз айналымнан небәрі 10 келі прекурсор тәркіленсе, былтыр оның көлемі 1 тоннаға жетті. Биылғы көрсеткіш те жаға ұстатады. Сол үшін депутаттар жауапкершілікті күшейтіп, заңсыз әрекетті тоқтатуды жоспарлап отыр.