Абай облысында әлеуметтік маңызы бар 104 нысан салынады
Оның ішінде дәрігерлік амбулаториялар, спорт кешендері мен мектептер бар.
Өңірде әсіресе мектеп тапшылығы қатты сезіледі. Шамамен 9 мың оқушыға орын жетіспейді. Осыған байланысты 2025 жылға дейін 11 жайлы мектептің құрылысы жоспарланған.
Облыс орталығындағы Қарағайлы шағын ауданының оқушылары үшін сағаттап автобус күту үйреншікті жағдай. Себебі бұл тұрғын алабында мектеп жоқ. Балалар басқа ауданға қатынауға мәжбүр.
БЛИЦ:
- Балалар деген сыймайды. Қысылып автобуста әрең жүреді, жаның ашиды. Қыстың күні особенно. Сумкалары деген арқаларында ауыр өздерінен үлкен. Әрине мектеп керек.
Эльдар Нұрғалиевтың қызы биыл бірінші сыныпқа барады. Баласының үйдің жанындағы мектепке барғанын қалайды.
Эльдар Нұрғалиев, қала тұрғыны:
- Осы ауданнан тезірек меткеп салынып бітсе екен. Балаларымызды жақын жерден мектепке апарғымыз келеді. Өйткені қазір алыс жерге тасып жүрміз балаларымызды. Мектептің ашылуын күтеміз.
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Қазір аумағы 6 гектар жерде құрылыс жұмыстары қыза түскен. Айта кету керек, 1200 орындық бұл мектеп Қарағайлы шағын ауданындағы жалғыз білім ордасы. Мердігер компания нысанды 1 қыркүйекте пайдалануға береміз деп сендіріп отыр.
Мектеп барлық талапқа сай салынады. Іші заманауи құрылғылармен жабдықталады.
Қанат Садықов, мердігер ұйым өкілі:
- Мектеп 10 блоктан салынады. Қазір 8 блоктың 100 пайыз коробкасы дайын. Ішінде істеп жатқан сантехника, электрика отдлека штукатурка жүріп жатыр. Материалдың барлығы өзіміздікі Қазақстандыкі. Семейдің кірпіші плита барлығы осында шығарылады.
Биыл ұлттық жоба аясында 6 жайлы мектеп қолданысқа беріледі. Жалпы өңірде осындай 11 мектеп пайда болады. Осылайша орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу көзделіп отыр.
Айдын Бегімбеков, Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы:
- 6 шағын мектептердің құрылысы жүретін болады биыл. Біз 6 жобаны мемлекеттік сараптамаға кіргізіп оң қорытындысын алдық. Олар облысымыз бойынша әр ауылдарда салынады. Бастуыш мектептері, орта мектептері әлі салынбаған ауылдар бар. Солардың ішінен ең қажетті дегенін таңдап 80,50 100 орындық мектептердің құрылысы жүргізетін боламыз.
Жыл соңына дейін Абай облысында 104 әлеуметтік нысан тұрғызылады. Бұл мақсатқа 90 миллиардтан астам теңге қарастырылады.
Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов