Атырау облысы бөгетті нығайтуды жалғастырып жатыр

Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмысы жалғасып жатыр.

Соңғы 5 күнде Құлсары қаласындағы 176 үйден су сорылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп баяндады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында осындай жұмыстар жалғасуда. Айта кетейік, бүгінгі таңда ел бойынша 8 мың тұрғын үй мен 3 мыңға жуық аула аумағынан су сорылып, 48 750 адам өз үйлеріне оралған.

Асқар Шәріп, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1 335 тонна инертті материал төгілді, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды. Жалпы облыстың өзендеріндегі су деңгейі сыни белгіден аспайды.