Дінбасылар православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті православтарды Пасха мейрамымен құттықтады.

Олардың құттықтауы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды. Митрополит бұл мереке арқылы жаңа өмір парағы ашылатынын айтып, тілегін арнады. Ал Бас мүфти елде мұсылмандар мен православ христиандары бейбітшілік пен ынтымақты берік ұстанып жатқанын жеткізіп, рухани байланыс одан әрі нығаярына сенім білдірді.