Ақтөбеде полиция капитанының есімі ұлықталды

Ақтөбеде лаңкестермен қақтығыс кезінде қаза тапқан полиция капитанының есімі ұлықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Қаладағы №1 орта мектептің алғашқы әскери даярлық кабинетіне Рүстем Кенжалиннің есімі берілді. Ол 2011 жылы Ақтөбеде лаңкестерді ұстау кезінде қаза тапты. Жанқиярлық ерлігі мен батылдығы үшін өмірден өткеннен кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Антына адал азаматтың батырлығы енді оқушылар арасында насихатталады. Отан қорғаушы күніне орай өткен шараға отбасы да қатысты. Ал облыс бойынша өз міндетін атқару кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапқан.

Абай Жүсіпов, облыстық Полиция департаментінің бастығы:

- Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес осы 9 қызметкеріміздің өзінің мектеп бітірген қабырғасында арнайы сынып ашу жоспарланып отыр. Бұл ашылатын сынып әр қызметкерлеріміздің жасаған іс-әрекеті батырлыққа тәрбиелейді деген мақсатта ашамыз.