Астанада донер дәмханасындағы өрт оқшауланды
Елордадағы дәмханалардың бірі отқа оранды, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиға Байқоңыр ауданында болды. Абырой болғанда, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Төтенше жағдайды тұсауға жеке құрамның 20-дан астам маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде донер кафесіндегі өрт дер кезінде оқшауланды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 шаршы метрге жеткен.