Көкшетауда жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінді

Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге резервтен 816 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

Арнайы қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Аталған қаржы жөндеу жұмыстарымен қатар, қазандықтардың қыздыру құрылғыларымен көмір бункерлерін ауыстыруға да жұмсалады. Сол арқылы алдағы жылыту маусымында апаттар мен тоқтап қалу фактілерін азайту көзделген. Сондай-ақ Көкшетауда жаңа жылу электр орталығын салу жобасы да пысықталып жатыр. Сағатына 520 гигакалория жылу, 240 мегаватт электр қуатын өндіретін нысан Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім аясында бой көтермек.