Атыраудың Махамбет ауданында 22 эвакопункт әзірленді

Жайық өзеніндегі су деңгейінің тәулік сайын көтерілуіне байланысты Атырау облысы Махамбет ауданында 22 эвакуациялық пункт әзірленді.

Елді мекендерді су басқан жағдайда тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге арнайы көлік құралдары бөлінген. Қазір өңірде тасқынның алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Венера Қабышева, Махамбет ауданы білім бөлімінің басшысы:

- Эвакуация жоспары да әзірленді. 22 эвакуациялық пункттерге 24 автобус және ГАЗель автокөліктері дайындалған. Бұл осы бір уақытта 200 адамды тасымалдауға дайын. Жеке автокөліктер де осы тасымалдауға ұйымдастырылып жатыр.