Соғыс ардагерлеріне 187 млн теңге көлемінде бір реттік төлем берілді

Cоғыс ардагерлеріне жергілікті бюджеттерден 187 млн теңге көлемінде біржолғы ақшалай төлемдер берілді.

Бұл жайлы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Жеңіс күніне орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы әр облыста дербес белгіленеді. Биыл республика бойынша орташа мөлшер 1,5 млн теңге. Көптеген өңірде бұл межеден көбірек сома төленді. Мысалы, Ақмола облысында 3 млн теңге, Ақтөбе облысында 2 млн теңгеден астам мөлшерде болса, Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 2 млн теңгеден алды. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде Ұлы Отан соғысының 148 ардагері бар.