Су тасқыны. Сарайшықта 22 эвакуациялық пункт ашылды
Жайық деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысының Махамбет ауданында халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін 22 пункт ашылды.
Сарайшық ауылындағы эвакуациялық пункт жергілікті мектеп базасында құрылып, бір мезетте 300 адамға дейін қабылдай алады. Қорда қажетті заттар, дәрі-дәрмек пен жеке күтім құралдары бар.
Еске салайық, 10 сәуірде су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты Махамбет ауданының барлық мектебі онлайн оқыту форматына ауыстырылды.
Дәния Сапарова, Сарайшық орта мектебінің директоры:
- Сарайшық орта мектебіндегі оқушылар да қашықтан оқуға шықты. Осы эвакуациялық пунктті біз 11 сәуірден бастап жасақтадық. Қазіргі уақытта шамамен ТЖ кезінде 250-300 адам қабылдаймыз деп отырмыз. Қорымызда су, артық тамақтар, бензиндік генераторлар бар. Журналдарымыз барлығы ашылған.