Бишімбаев ісі. Келесі сот қашан өтетіні айтылды
Салтанат Нүкенованы асқан жауыздықпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа бүгін соңғы сөз берілді.
Бишімбаев процестің ашық өтуін талап етіп, алқабилер сотын шақыруды өзі ұсынғанын жеткізді.
Айыпталушының пікірінше, оны қамауға алған сәттен бастап ақпарат көздерінде, әлеуметтік желіде бірден айыптау сарынындағы қаралау кампаниясы басталып кеткен. Сондықтан ол ең болмаса алқабилер сотындағы 10 адамға Нүкенова қайтыс болған күнгі іс-әрекетін түсіндіріп бағуға тырысқанын жеткізді.
Соңғы сөзінде Бишімбаев әйелін өлтіру ойында болмағанын айтып, әу бастан бұл соттың айыптау сарынында өткенін алға тартты.
Байжанов та соңғы сөзінде Салтанаттың өлім аузында жатқанынан бейхабар екенін жеткізіп, оның туыстарына тағы да көңіл айтты. Келесі сот отырысы мамырдың 10-күні өтеді.
Екі айдан бері онлайн режимде көрсетіліп келе жатқан қылмыстық іске нүкте қояр сәт жақындады.