ҰОС ардагерлері 1,5 млн теңгеден алады

Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1,5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Жалпы алғанда, 50 мыңнан астам адамға 3 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Айта кетейік, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. Сондай-ақ, соғыста жеңіске жетуге үлес қосқан 50 012 адам бар.