Түркістан облысында ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі

Түркістан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі.

Қазір өңірде 11 ардагер бар. Ең үлкені қазығұрттық Исабай Жүзеев пен түркістандық Немет Абдрасилов. Екеуі де 102 жаста. Ал ең жас майдангер Сайрам ауданының тұрғыны Ахмеджан Анартаев. Оның жасы 98-де. Сондай-ақ өңірде Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген 121 адамға 100 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмек беріледі. Ал 3 мың 500-ден астам тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден үлестіріледі. Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы мәлімдеді. Әсия Темірбаеваның айтуынша, облыста түрлі санаттағы 3654 ардагерге материалдық көмек ретінде өңірлік бюджеттен 184 млн теңге қаржы қаралған.

Әсия Темірбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Осы ретте Жеңістің құрметіне арналған барлық іс-шараларға ерікті жастарды, оқу орындарының студенттерін жұмылдыра отырып, ҰОС қатысушылар мен оған теңестірілген азаматтардың тұрмыстық жағдайына көмектесу, ардагерлерге тағзым қайырымдылық акциясын ұйымдастыру жоспарлануда.