Оралда ардагерлер ардақталды

Отан үшін от кешкен майдангерлердің ерлігі әркез өскелең ұрпаққа өнеге.

Мереке қарсаңында «AMANAT» партиясының өкілдері Екінші дүниежүзілік соғысы қатысушыларына құтты болсын айтып, тарту-таралғыларын табыстады. Биыл Батыс Қазақстан облысында Жеңістің 79 жылдығын 14 ардагер қарсы алмақ. Солардың бірі Вениамин Скаленко. Ол 17 жасында өз еркімен майданға сұранып Польша, Бельгия, Австрия, Чехословакияны азат етті. Ерлігі елеусіз қалмай, түрлі медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруге қомақты үлес қосты. Биыл күзде ғасыр жасайтын қарт сарбаз ең қымбаты елдегі тыныштық пен тұрақтылық, дейді. 

Вениамин Скаленко, Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері:

- Жастарға айтарым, жар сүйіңіздер, бала өсіріңіздер, елдің экономикасын көтеріңіздер! Тек ата-ананың емес, ұлттың лайықты перзенті болыңыздар! Ең бастысы - елде, жер бетінде бейбітшілік болу үшін қолдарыңыздан не келеді, соның бәрін жасаңыздар! Тыныштыққа жетер ештеңе жоқ. Соғыс ол қайғы-қасірет қана.