Депутаттар ардагерлерді құттықтады
«Республика» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары да Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерді құттықтады.
Олар Раиса Сафоничевамен кездесті. Раиса Егоровна 1943 жылы өз еркімен майданға аттанған. Мәскеуде бір жарым айдың ішінде байланыс курсын бітіріп, армия қатарына шақырылады. Украина, Бессарабия, Венгрия, Румыния арқылы соғыс жолынан өтіп, жеңісті Будапешт қаласында қарсы алды. 1946 жылы Кеңес әскерінен демобилизацияланып, туған қаласы Горькийге оралды. Кейіннен құрылыста жұмыс істеп, қаланы қайта қалпына келтіруге көмектесті. Бүгінде әжей 99 жасқа толып отыр.
Райса Сафоничева, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- Құрметті жолдастар! Мен барлығыңды жақсы көремін. Ашық аспан астында аман-сау өмір сүріңдер. Құдай қуат берсін, мен осындай өмірге ризамын!
Нұргүл Тау, Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Апамызды көріп отырсыз ғой. Ол 99-ға келген. Шынымен де жүрегі ауырады. Тілек айт десеңіз, «Ашық аспан болсын, бейбіт заман болсын» деп тілеп отыр. Бұл кісілердің атқарған шаруасы, елдің тәуелсіздік алуына, оның орнығуына қосқан үлесі зор деп ойлаймын.