Ел бойынша 16,4 млн текше метр қар суы шығарылды
Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км болатын бөген салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Есіл мен Жайық өзендерінің су деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізіліп отыр. Республика бойынша 10 мыңға тарта тұрғын үй мен 3 мыңнан астам аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 16,4 млн еріген қар суы сорылып шығарылды. 60 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктерінде 6 мыңға жуық адам бар. Құтқару және тасқын салдарын жоюға 11 мыңнан астам адам тартылды. Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Асқар Шәріп, ҚР ТЖМ ресми өкілі:
- Құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік және оларды «вахтовкамен» барар жеріне жеткізіп жатыр. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.