АMANAT партиясы ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

АMANAT партиясы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін саяси ұйымның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жасы жүзге таяған майдангер Жақан Сейсебаевтың шаңырағына барып тілдесті. Ол небәрі 17 жасында қызыл армия қатарына қосылып, бір жылдан кейін ұрыс алаңына аттанған. Беларусь елін азат ету үшін болған шайқастарға қатысты. «Катюша» артиллериялық қаруын меңгерген зеңбірекші атанды. Бүгінде қарияның 9 немересі мен 19 шөбересі бар. Одан бөлек, бейбітшілік үшін майдан шебінде соғысқан Раиса Сафоничева, Рзағұл Байкешев, Владимир Дровосеков мен еңбек ардагері Назипа Әбжалелқызына да ерекше құрмет көрсетілді.