ҚХА мүшелері ардагерлерге құрмет көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясы да майдангерлерді жеңіс күнімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір Астанада 7 соғыс ардагері мен 1345 тыл еңбеккері тұрады. Соның бірі – Рзағұл Байкешев. Қан майданға небәрі 17 жасында аттанған. Калинин облысында, Ржев, Великий Луг қалаларындағы шайқастарда жауға тегеурінді қарсылық көрсеткен. Польша, Румыния, Венгрияны азат етуге қатысқан. Бүгінгі күні майдангердің 2 ұлы, 5 немересі мен 7 шөбересі бар.

Рзағұл Байкешев, соғыс ардагері:

- Сол жылдары ауылда қалған жастардың бәрін жинап алып, 18-ге келгенше оларды оқытады. Соның біреуі – мен. 1945 жылы соғыс бітті, 1946 жылы парад болған. Бір жыл бізді ұстап отырды.

Акбаржон Исмаилов, ҚХА кеңесінің мүшесі:

- Өзіміздің ардагерлерімізді ұлы Жеңіс күнімен құттықтап жатырмыз. Бұл да – үлкен жастарға деген тәрбие. Қаһармандарымызға, ардагерлерімізге барып зиярат етіп, оларға құрмет көрсетуіміз жастарымызға берген тәрбие деп ойлаймын. Жеңіс күні барша қазақстандықтарға құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!