Тасқыннан соң. 54 мыңнан астам адам отбасына оралды
Су тасқынынан зардап шеккен 54 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды.
Ал 5 мыңнан астам азамат әлі де уақытша орналастыру пункттерінде тұрып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 18 миллион текше метр қар суы сорылған. 10 мыңнан астам тұрғын үй аумағынан судың бағыты бұрылды. Қазір құтқарушылар Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы тұрғын үйлер мен аулаларда сорғы жұмыстарын жалғастыруда.
Мамандардың айтуынша, апатты аймақтардағы өзен деңгейі бақылауда тұр.