Тасқыннан соң. Жарық желілері қалпына келтіріліп жатыр
Су басқан аймақтардағы 3 мыңнан аса жарық беру желісін қалпына келтіру керек.
Қазір де бұл жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қостанай облысында жарықсыз қалған абоненттер саны бес мыңнан жеті жүзге дейін қысқарды.
Ал Ақтөбедегі 13 мың қолданушы әлі де электр қуатынсыз отыр.
Батыс Қазақстан мен Ақмола өңірлерінде жарықтан қағылған абоненттер саны төрт есе, ал Атырау облысында үш есе қысқарды.
Солтүстік Қазақстан облысында да желілер қалпына келтіріліп жатыр.